×

Мақсат Ақановқа «Алтын домбыра», түркістандық ақынға соғым берілді

Елордада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті

Мақсат Ақановқа  «Алтын домбыра», түркістандық ақынға соғым берілді
Коллаж Qaz365.kz

Елордада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламанында қарағандылық Мақсат Ақанов топ жарды. Ол финалда Мейірбек Сұлтанханды жеңді. Ақановқа «Алтын домбыра» және автокөліктің кілті табысталды.

Бірінші орын алған Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы) екі миллион теңге және «Айтыстың ақтаңгері» атағына қол жеткізді. Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы) екінші орын алса, үздік үштікте  Жансая Мусина (БҚО), Төлеген Жаманов (Ұлытау облысы) бар.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясы «Көрермен көзайымы» номинациясына түркістандық Нұрлан Есенқұловты лайық деп танып, соғым атады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Көптеген образдарды шебер сомдаған актер көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді
«Транссібір экспресі», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», т.б фильмдерде сомдаған рольдері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →