×

«1 млрд теңге жұмсалған фильмнің табысы небәрі 10 млн теңге»: Депутат Мұқаев мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерді сынға алды

Депутат отандық кинолардың сапасы мен жарнамасын сынады

«1 млрд теңге жұмсалған фильмнің табысы небәрі 10 млн теңге»: Депутат Мұқаев мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерді сынға алды
Фото: parlam.kz

Мемлекет қаржысына түсірілген фильмдер халық сұранысына ие емес. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға отандық киноиндустрия мәселесі бойынша жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, кино түсіргісі келгендер көбейгенімен, олардың дені өз қаражатына түсіріп жатыр.

«Мемлекет тарапынан бөлінген қаржының көбі өз араларында қалып жатқандай көрінеді. Өйткені Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері не сұранысқа, не халық тарапынан қолдауға ие емес. Тіпті халық қазынасындағы қаржыны миллиардтап құмға құйып жатқандаймыз», – деді ол.

Депутат өзін-өзі ақтамаған бірқатар фильмдерді тізді. Ол мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа түсірілген фильмдерді де халықтың көріп, қуанып жатқаны шамалы екенін атап өтті.

«Мысалы, 2019-2023 жылдар аралығында отандық жүз фильмге шамамен 23 миллиард теңге бөлінген. Ең қызығы, оның барлығы 100% игерілген, есебі тапсырылып, кино түсірілген. Atlas Entertainment компаниясы түсірген «Время патриотов» фильміне 1 миллиард қаржы жұмсалса, оның кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге, бұл жұмсалған соманың 1%-ы ғана. Сондай-ақ Sataifilm түсірген «Боксшы» фильміне 900 миллион теңге жұмсалса, кассалық жинағы небәрі 25 миллион теңге. Кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер сыйлай алмады. Сондай-ақ Medetfilm түсірген «Лето 41-го» отандық киносына 700 миллион теңге бөлінсе, оның 2 миллионы ғана қайтарылған. Бұл кеткен сомадан 350 есе аз. Ал «Жизнь» фильміне 500 миллион теңге кетсе, нәбәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеппен кинотеатрдағы кинолардың бағасы 2 мың теңгені құраса, онда бұл фильмді 325 адам көріпті-мыс», – деді ол.

Сондай-ақ ол кино өндірушілерге қатысты проблемаларды ашып айтты.

«Отандық кино өндіруші ұйымдардың кинотеатрларда фильмдерді көрсетуінде де өзіндік проблемалары бар. Ол – жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Қаншама мемлекет қаражатына түсірілген фильмдер шаң басқан архивтерде жатыр», – деді Дәулет Мұқаев.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктен бері мемлекет қаржысына 600 фильм түсірілсе, соның ішінде өзін-өзі ақтағаны біреу ғана, ол –  «Дос-Мұқасан» фильмі. Депутат Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауалында мемлекеттік киноны қолдау механизмін жан-жақты жетілдіруді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін белгілі продюсер, шоумен Нұрлан Қоянбаев кейбір режиссердің кино түсіруіне Үкіметтен қаражат бөлінуіне қарсы екенін айтқан еді. Оның айтуынша, кейбір режиссер Үкіметтен қомақты қаражат алып, «бизнес» жасап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →