×

"Жұлдызбен бірге жүрші". Қайрат Нұртасты әйелімен бірге көрген желі қолданушылары қуануда

Екеуі танымал продюсер Баян Алагөзованың 50 жылдығына бірге барған

"Жұлдызбен бірге жүрші". Қайрат Нұртасты әйелімен бірге көрген желі қолданушылары қуануда
Ашық дереккөздерден

Танымал продюсер Баян Алагөзованың 50 жылдығына Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың бірге барғаны желі қолданушыларын қуантты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Қайрат Нұртас туған күн иесіне костюм сыйға тартты.

«Ерте келген себебім осы костюмді Баян ханымға бергім кеп тұр», – деп, әнші костюмін сыйлады.

Кеш ортасында Қайрат Нұртас өзінің «Туған күн» әнін арнайы шырқады.

«Қайда жүрсең де, Жұлдызбен бірге жүрші, уайымым аз болсын», «Керемет жұп», «Жұлдыз керемет, әдемі әйел», «Жандарым сол, жұптарыңыз жазылмасын», «Қайрат-Жұлдыз, осылай бірге жүріңдер!», «Тіл-көзден аман сақтасын» деген пікірлер бар. 

Айтпақшы, қайнысы Заңғар үйленгенде бой көрсетпеген жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімованың да туған күнде жүргені кейбіреулерге ұнамай қалды. 

«Күйеуінің туған інісінің тойына бармаған. Бірақ Баянның туған күнінен қалыс қалмаған», «Қайда жүрсең де, Жұлдызбен бірге жүрші, уайымым аз болсын», «Қайраттың екінші әйелі неге қызғанбай жіберген?», «Ата-енеңнің алдында төсіңді ашып жүргенге ұялмайсың ба?», «Қадірің кетіп бара жатқан сияқты», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас әйелімен қайтадан бірге екенін хабарлаған.

«Бәрінің іші күйіп өлетін болды ғой. Әсіресе, қыздардың», – дейді әйелін құшақтап тұрған Қайрат Нұртас.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас Катарда демалып жатқан келіншегі Жұлдыз Әбдукәрімова мен балаларының жанына барғанын жазғанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →