×

Танымал музыкант Скриптонит туған ауылдың атауы өзгертілді

Белгілі музыканттың ата-анасы әлі де осы ауылда тұрады

Танымал музыкант Скриптонит туған ауылдың атауы өзгертілді
Qaz365.kz коллажы

Скриптонит лақапатымен танымал қазақстандық музыкант Әділ Жәлелов дүниеге келген ауылдың атауы өзгертілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Павлодар облысындағы ауылдың бұрынғы «Ленинский» атауы ресми түрде «Атамекен» болып өзгерді. 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, былтыр қарашада ауыл атын өзгерту мәселесі облыстық ономастикалық комиссия отырысында талқыланып, былтырғы желтоқсанның аяғында облыстық мәслихат депутаттары ауылдың жаңа атауын бірауыздан қолдаған.

Содан кейін құжат тіркеуге жіберілген. Соңғы он жылда атауды өзгерту мәселесі кезең-кезеңімен көтеріліп келе жатқаны хабарланды. Жергілікті тұрғындар өткен жылы сәуірде жаңа атауды таңдаған.

Жергілікті қоғамдастық жиналысында бірнеше нұсқа ұсынылған, оның ішінде «Қазанғап би» нұсқасы бар. Сол кезде 49 адам «Атамекен» атауына дауыс берген.

Айта кетейік, қазіргі Атамекен, бұрынғы Ленинский ауылында қазақстандық танымал музыкант Әділ Жәлелов (Скриптонит) дүниеге келген. Жергілікті әкімдік өкілдері белгілі музыканттың ата-анасы әлі де осы ауылда тұратынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →