×

«Жүргізушілерін енді эфирге шығармаймыз»: Ойшыбаев «Хабарда» шу тудырған бағдарламаға қатысты қандай жаза қолданылғанын айтты

«Сценарий түрінде тапсырған кезде бұл нәрселер ескерілмеген»

«Жүргізушілерін енді эфирге шығармаймыз»: Ойшыбаев «Хабарда» шу тудырған бағдарламаға қатысты қандай жаза қолданылғанын айтты
Скриншот / ruh.kz

«Хабар» телеарнасында жарыққа шыққан «Бірақ...» ток-шоуы жұрт наразылығына тап болып, кейіннен жабылып қалған еді. Бүгін «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев осыған қатысты Мәжілісте пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бірақ» ток-шоуына қатысты айтар болсам, бұл бір жүйелі түрде осылай істейік деген жұмыс емес. Министрліктің тарапынан да, «Хабар» агенттігі тарапынан да мұндай ой болған жоқ. Ақпараттандыру бағытында мемлекеттің саясатын ұстанып, негізгі жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бұл оқиға «Хабар» агенттігінің серіктесі болып келетін продакшннің тарапынан болған оқылық. Олар сценарий түрінде бізге тапсырған кезде бұл нәрселер ескерілмеген еді. Мысалы, кейіпкердің жолдасы қатысатыны туралы айтылмаған болатын. Кейіннен ауызша продюсерлермен келісілді деп айтылды. Оқылықты мойындадық, басты кейіпкерден де, көрерменде де кешірім сұрадық. Ток-шоуға қатысты адамдарға шара қолданылды. Сценарийді қабылдаған бас продюсер қызметінен кетті. Жүргізушілерін енді эфирге шығармаймыз. Моральді тұрғыда басты кейіпкермен өзім барып кездестім. Көмегімізді де көрсеттік. Мұны жүйелі жұмыс деп қабылдамау керек. Бір сәттік қателік, олқылық деп қабылдаңыздар», - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Айта кетейік, құқық қорғаушы, «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль Instagram желісіндегі парақшасында «Хабар» телеарнасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, 18 жыл отасқан, 6 баланы дүниеге әкелген әйелді ток-шоуға шақырғанын хабарлады.

Әйел бетін жауып, студияда күйеуі болмайды деген шартпен түсірілімге келуге келіскен. Бірақ уәде орындалмаған. Шоу кезінде күйеуі студияға келген.

Желіде тараған кадрларда жүргізушісі эфирге келген қонақтан «күйеуінің ұруына себеп бар ма» деген сұрақ қояды. Мұның барлығы қоғамда резонанс тудырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →