×

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі қоғамдық көлік валидаторларын қазақша сөйлетті

Ол басқа қалада тұратын қазақтарды да осы мәселені көтеруге шақырды

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі қоғамдық көлік валидаторларын қазақша сөйлетті
locals.md

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі Павлодар қаласындағы қоғамдық көліктердегі валидаторлардың қазақ тілінде сөйлеуіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaquni.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін белсенді әлеуметтік желіде даулы пост жариялап, әкімдіктегі қабылдаудан видеолар таратқан болатын. 

“Дәл қазір әкімдіктемін, 2 жыл бұрын көзбояушылық пен көлік тасымалы келісім шарттарына тілдік қызмет қосымша жасауға "көмектескен" обл.әкімі орынбасары А. Курмановада..

Әкімдіктен кетпеймін деп отырмын, полициямен лақтырып тастамағанша... Соңғы жиын, қалалық әкімдікте 2022 ж. тамызында өткен, қазақ тілін қоямыз деген” – деп жазды тіл жанашыры. 

Ал, кеше Руза Бейсенбайтегі осы ұзақ уақытқа созылған күрестің нәтижесінде қала басшылығы ақыры қоғамдық көліктердегі валидаторларды қазақша сөйлететінін жеткізді. 

“Жеңіс! Бұған себепкерлер, бірнеше жыл жерден алып, жерге салып отырған, бұрынғы ТҮКШ басшысы, қазіргі қала әкімі орынбасары А.Калиакпаров (солай болмас еді, басында істегенде), және "Автобус Смарт пв" директоры Талғат, ал бұл кісі табанда реакция жасады.

Тағы айтарым, бұл компания жарты Қазақстанда бар екен. Сондықтан сол қалаларда тұратын қазақтар, алға, барша қазаққа рух берейік!!!” - деп жазды ол. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →