×

Димаштың бағын жаққан продюсер енді Қытайға Рухия Байдүкенованы апарды

Рухия Байдүкенованы қытайлық «Singer» жобасына қатысады

Димаштың бағын жаққан продюсер енді Қытайға Рухия Байдүкенованы апарды
Фото: Ертай Нүсіпжанов

Димаш Құдайбергеннің әлемге танылуына ықпал еткен Ертай Нүсіпжанов тағы бір өнер иесінің жұлдызын жағу жолында еңбек ете бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы, әнші Рухия Байдүкенованы қытайлық «Singer» жобасына қатыстырмақ.

«Араға 7 жыл уақыт салып «Singer» сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы – Рухия. Төрт жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба осы жылдың мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі – жоба тікелей эфирде өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады. Рухия бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. “Топ жару” статусымен келген бірінші шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі», – дейді Ертай Нүсіпжанов.

Ол бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтеді. Ал жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады деп айтты.

«Қалай болғанда да бұл үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, Қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә. Қуан қазақ! Қолда қазақ!» – деп жазды продюсер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →