Бойжеткен бұған дейін Димаш Құдайбергеннің бағын жаққан қытайлық «Singer» жобасына қатысты
Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенованы Қытайдағы «Singer» ән байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бойжеткен бұған дейін Димаш Құдайбергеннің бағын жаққан қытайлық «Singer» жобасына қатысты. Ол музыкалық жобада өте қиын, сопрано мен ерекше әсер ететін, қоштасудағы батылдықты жырлайтын жоғары ноталы «All by myself» әнін шырқады.
Бірақ ол келесі кезеңге өте алмай қалды. Қытайлық әнші Сунь Наньның бағы жанып, байқауды сол жалғастыратын болды.
Сөйтет тұра, YouTube желісінде жерлесіміздің талантына тамсанғандар көп.
Тіпті кейбірі оны келесі кезеңге лайық деп бағалап, жас әншінің болашағына сәттілік тіледі.
«Байқау туралы хабар берген адам, оған бұл сахнаның жоғары ырғақты әндерді айтқанды ұнататынын жеткізген болуы керек, дегенмен басқа элементтерді де атап өтуі қажет»,
«Қандай әсерлі орындады! жарқыраған, көздің жауын алатын маржан әнші!»,
«Құлаққаппен тыңдасаңыз ғана бұл әншінің керемет орындауын барынша ести аласыз, әрі оған ғашық боласыз»,
«Әннің ішіндегі «all by myself» сөзін дәл айтты»,
«Менің ойымша, ол(ер адам) өзі ғана қуанып, шаттанып тұрған секілді»,
«Мәссаған! Бұл әнді аранжировка жасап, үш адам айтқан... Nicola seeda, Celine, Dion және ең соңғы Димаштың нұсқасы болды. Жаман емес! Әншінің деңгейі мен қуаты да әннің өн бойында өрнектеледі. Соңғы бірнеше эпизод барған сайын қызықты болған сияқты»,
«Бұл әншінің шынымен де еңбекқор әрі тәжірибелі екені анық, бірақ әнді бұлай орындауы нашар дайындалғандай етіп көрсетеді», «Ол бұл әннің мағынасын біле ме? Осы әнді шырқағаннан ләззат алып жатқан сияқты! Әрі соңында өте бақытты көрінді»,
«Неге қазақша ән айтпайсың? Бірінші рет ән айтқанда өзің білетін тілде айтқан жаман ба?»,
«Мен ол француз немесе итальян тілінде ән айтып жатыр деп ойладым»,
«Ағылшын тілін жетік меңгермесең, ағылшын тілінде ән айтудың керегі жоқ», – деген пікірлер бар.
Айта кетейік, Рухия Байдүкенованы Қытайға Димаш Құдайбергеннің әлемге танылуына ықпал еткен Ертай Нүсіпжанов апарды.
Рухия есе жіберген қытайлық әншінің есімі - Сунь Нань. Ол әнші әрі композитор. Сондай-ақ продюсер, актер және «Dream Boat» театр өнері жұлдыздары жиналған футбол командасының капитаны ретінде де танымал.
1969 жылы 18 ақпанда Қытайдың Ляонин өлкесінде Далянь қаласында дүниеге келген. Осы уақытқа дейін 12 альбом шығарып, 10 млн астам көшірмесі сатылған. Сунь Нань 30-дан аса Азия елдерінде, әлемнің 100 қаласында концертін берген. Дегенмен 2002 жылға дейін Сунь Наньның көпшілікке танымал әнші болмаған, атағы тек Бейжің қаласымен шектелген. Оның ата-анасы о баста оның әншілік мансабын құптамаған. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы кезінде Сунь Нань бірнеше олимпиадалық әндерді басқа әншілермен бірлесе орындаған. Соның ішінде «Бейжің сізді қарсы алады», «Мәңгі достар», «Орныңнан тұр», «Бнйжіңдегі махаббат» және «Осында», т.б. Оның «Құтқар» әнінің бейнебаянында Джеки Чан бой көрсетіп, нәтижесінде осы ән 2013 жылы жарық көрген «Полиция тарихы» фильмінің саундтрэгіне айналады. Ол әнші ретінде көптеген мадақтамаларға ие болған, соның ішінде «Asia Model Festival Awards» бас жүлдесі, 10 жылдағы «10 ең үздік хит» иегері, 19-шы үздік ер вокалист, «Ең танымал ер вокалист», «Қытайдың радио және кино сыйлығы (CRFA)» иегері және т.б.