×

Соңғы даулардан кейін Азамат Сатыбалды «Қазақфильмдегі» қызметінен кетті

Жақында «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы даулардан кейін Азамат Сатыбалды «Қазақфильмдегі» қызметінен кетті
Фото: brod.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде Informburo.kz сайты жазды.

«30 шілдеден бері Қытайдамын, мұнда халықаралық жобаға қатысамын. «Қазақфильммен» келісімім аяқталды, оны ұзартуды жөн көрмедім. Қазақ актерін бірінші рет осындай деңгейдегі халықаралық жобаға шақырып отыр. Бұл менің актерлік карьерамдағы ірі қадам, қазақ өнерін халықаралық аренаға таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Түсірілімдер бірнеше ай бойы Қытайда да, Қазақстанда да өтеді», – дейді Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, жақында «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді. Өйткені  мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

Экс-президент бұған дейін қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →