×

Олимпиада-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіліс тапты

Ол ширек финалдан әрі аса алмады

Олимпиада-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіліс тапты
Фото: gov.kz

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҰОК-ге сілтеме жасап.

Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиден жеңіліп қалды.

Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді.

Шешуші кезеңнен соң қазылар 3:2 есебімен Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →