×

Киногерлер одағының ғимараты адам шошырлық жағдайда – өнер адамдары дабыл қақты

Қазір Киногерлер үйінің 60 пайызы жекеменшіктің қолына өткен

Киногерлер одағының ғимараты адам шошырлық жағдайда – өнер адамдары дабыл қақты
Qaz365.kz коллажы

Еліміздегі елеулі өнер ордасы – Ш.Айманов, С.Қожықов, А.Қарсақбаев, М.Бегалин секілді алыптар дәуірінің  көзі іспетті Киногерлер үйінің қазіргі қалпы жан шошырлық жағдайда. Бес Мәдениет министрі, үш Алматы қаласы әкімі ауысса да, әлі күнге қаусап тұрғаны киногер қауымға мүлдем түсініксіз. Бүгін осыған қатысты Қазақстан кинематографистері алдымен баспасөз мәжілісін өткізіп, журналистер румтурға қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан киногерлер одағының атқарушы директоры Қанат Төребайдың айтуынша, Киногерлер одағының ғимаратының жағдайы қазіргі қазақ киносының жағдайынан хабар береді.

«1969 жылдан бері жөндеу көрмеген. Бизнесмендерге қолқа салып көрдік. Олар өз мүддесін ойлайды. Олар ғимаратты бұзып тастап, 8-қабаттық бизнес орталық салуды ұсынды. Екі қабатын сендерге қалдырайық деді. Ал киногерлер оған қарсы. Қазақ киносының ірге қаласын азаматтар келіп тұрған. Бұл Алматы қаласының мәдени ошағы саналады. Фестиваль, әртүрлі кештер өтетін. Өкінішке қарай, қазіргі жағдай мәз емес. «Үмітсіз шайтан». Жөндеу жұмыстарын істесек, біраз шаралар ұйымдастырар едік», – дейді Қанат Төребай.

Ол «Қазақфильм» соңғы 3-4 жылда басшылығы жиі ауыса беретін, бірақ ештеңе өзгермейтін мекемеге айналды деп отыр.  Ал киногерлер одағын ешкім қаржыландырмайды, тек жарнамен отырғанын айтады. Бір киногер қайтыс болса, ақтық сапар шығару рәсіміне көмектесетідерін айтты.

Қазір Киногерлер үйінің 60 пайызы жекеменшіктің қолына өткен. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метр. Оның 1200 шаршы метрі сатылып кеткен. 2000 жылдары бұрынғы басшылық ақшаға қызығып, сатқан дейді олар. 

«Қазіргі иелерімен сөйлестік, олар бізге қайта сатуға дайын. Бірақ бізде қаржы жоқ. 1,5 миллион доллар сұрайды. Қаланың орталығында орналасқан», – дейді продюсер. 

Ал белгілі киносценарист, мәдениет қайраткері, Қазақстан киногерлер одағы басқармасының мүшесі Ерлан Төлеутай да іштегі базынасын айтты. 

«Шығармашылық адамдар музыка жазатын табиғат аясында ғимараттар болған. Совет одағы тұсында барлық жағдайды жасаған. Тәуелсіздік алған кезде талан-таражға түсті. Тәуелсіздікпен бірге пысық адамдар келді.  Нарық деген сылтау болды. Бәрі сатылады деген ұранмен өмір сүреді. Етті Аргентинадан, киноны Америкадан аламыз. Бәрі тасымал болып кетті. Руханиятты да импортқа айналдырып жібердік. Мұның бәрі саналы түрде жасалған секілді көрінеді. Қазақ деген халықты рухани азғындыққа ұшыратуға ұмтылғандай. Оның екі қаруы – кино мен әдебиетті быт-шыт қылды. «Өнердің ішіндегі ең маңызды кино» деген Ленин», – дейді Ерлан Төлеутай.

Ол осы ретте «Қазақфильмге» қандай басшы келеді сол «қара тізім» жасайды деп отыр. Өзіне ұнамайтындарды есігінен аттап бастырмайды деп айыптайды. 

«Кейінгі кезде Қазақфильмге кіре алмай қалдық. Сондай бола ма екен? Билік пен саясатпен шаруамыз жоқ. Кино жасап жатырмыз. Арман-мұратымыз бар. Сол үшін жазықтымыз. Қаржыны талан-таражға салып жатқан ойынына араласқан емеспіз», – дейді ол. 

Сондай-ақ ол Киногерлер одағының басқарма мүшесін жаңарту керек деп санайды. Қазір  одақтың жалпы 300-дей мүшесі бар.

«Қазақфильмге» басшы таңдауда жоғары жақтағылар «топ» болса ғана алады екен.  Яғни жарнамасы жер жарып, белсенді болып жүргендерді қояды. Сосын олар ойына келгеніне істеп,  білгенін жасап жатады.  Билік қолдап отыр деп ойлайды. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлері жұмыстан себепсіз шығарылғандарын айтып жатыр. Енді консерваторияда да шу шығуы мүмкін. Астанадағы ұлттық өнер университетін көріп отырсыздар. Мәдениет бұрын-сонды болмған дегерадацияға түсті. Шығармашылықты білетін менеджерлер жоқ. Бастықтардың бәрі өзім білемге салады», – дейді мәдениет қайраткері.

Ол Киногерлер одағының ғимаратын мемлекет болмаса қалталы азаматтар жөндеп берсе дұрыс еді деп отыр.

«Барлығының мұраты мешіт, тойхана салу, ас беру. Қазақтың байлары сондайға құмар. Біздің қазір баратын жеріміз жоқ. «Қазақфильм» қара тізім жасаған. Киногерлер одағының ғимаратының түрі мынау», – дейді Ерлан Төлеутай.

Еске салайық, жуырда жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильмнің» бір топ аниматоры наразылыққа шыққан болатын. Даудан кейін көп ұзамай Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» президенті қызметінен кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →