×

Тағы бір танымал актер дүниеден өтті

Қазақстандық танымал актер дүниеден озды

Тағы бір танымал актер дүниеден өтті
teatr.musrepov/posts

Белгілі актер, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден озды. Бұл қайғылы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Үсіпхан Сейтімбет саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды», – делінген хабарламада. 

Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет 1960 жылы бұрынғы Оңүтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

Желтоқсан оқиғасы кезінде батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастырғаны үшін 1987 жылы екі жылға сотталып, 1989 жылы бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайта жалғастырып, тәмамдады.

1990 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрының актерлік құрамына жұмысқа қабылданды.

1999 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер болып қызмет атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты
Кеше, 10:48

Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты

Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді
Euronews басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →