×

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды

Әнші атақты Гүлдер ансамблінде өнер көрсеткен

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды
Сурет бейнежазбадан алынды

ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды , деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде жазды.

«Өзіңді «тамағына құс ұялаған әншісің» деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… «Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін» деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде… Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40-тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің… Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді… Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке», – деп жазды журналист.

Гүлнар Сиқымбаева Шымкент маңындағы Ленгір ауданы Майбұлақ таулы ауылында туып-өскен. 1985 жылы Гүлнар Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →