×

Түркменстан астанасы Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды

Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

Түркменстан астанасы Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды
Aqorda.kz

Түркменстан астанасы Ашхабадта ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы бауырлас халықтардың тарихи және мәдени өмірінде жарқын із қалдырған белгілі тұлғалар, ойшылдар мен ақындар мұрасын сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мәні зор екеніне тоқталды.

“Бүгін біз астанамыз Ашхабадтың тамаша мүйісінде орналасқан ғажап саябақта бауырлас қазақ халқының ұлы ақыны, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашу рәсімінде бас қосып отырмыз. Баршаңызды осы салтанатты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Түрікмен және қазақ халықтары әлемнің мәдени-рухани қазынасына үлкен үлес қосты. Соған сәйкес, бұл мәдени мұраны тыңғылықты зерттеу, оны кеңінен насихаттау және осы саладағы халықаралық әріптестікті дамыту аса маңызды міндет болып саналады”, – деді Гурбангулы Бердімұхамедов.


Іс-шараға Түрікменстанның зиялы қауым өкілдері және Қазақстанның ресми делегация мүшелері қатысты.



Салтанатты жиында «Калкыныш» би тобы қос халықтың арасындағы мәдени байланыстардың терең тамырын танытатын «Түрікмен-қазақ достығы» атты композициясын ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →