×

Өмір – бумеранг, Талғат Теменовке істегенім алдыма келді – Баян Алагөзова

Кешірім сұрағым келеді

Өмір – бумеранг, Талғат Теменовке істегенім алдыма келді – Баян Алагөзова
Ашық дереккөздерден

Танымал продюсер Баян Алагөзова «Din Dina show»бағдарламасында жас кезінде жасаған қателігі үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің қарамағымда болған қыздардың бәрі танымал кезде лақтырып кету, сатқындық жасаудың түрлі әрекетін істеді. Сол кезде нені дұрыс істемедім деп ойладым. Сөйтсем, кезінде өзім де солай істеппін. Өмір – бурмеранг. «Мен өзім жұлдыз болдым. Менің арқамда сіздің бағыңыз жанды. Бәрі менің арқамда болып жатыр. Өйткені мен таланттымын, менің кәсіби жетістігіме сіздің ешқандай қатысыңыз жоқ» деп айтқанмын», – дейді продюсер.

Ол режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрағысы келетінін айтты. Қазір сол кездері айтқан сөзі үшін өкінетінін жеткізді.

«Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Орал қаласынан шыққан кішкентай ғана Баянды бір күнде Қазақстанға танымал жұлдыз қылды. Мен «Махаббат бекеті» фильміне түскеннен кейін еліміздегі ең танымал қыздардың қатарында болдым. Кейін арамызда түсініспеушілік туындады. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келді. Мен сол кезде «Мен енді киноға түскім келмейді. Менде бәрі жақсы. Сіз маған керек емессіз» дедім. Ол – менің алғашқы ұстазым. Көп дүниені сол кісіден үйрендім. Орайы келіп тұрғанда, Талғат Досымғалиұлынан кешірім сұрағым келеді. Сол кездегі әрекетім, қатыгездігім үшін», - деді Баян Алагөзова.

Осыдан 6 жыл бұрын Талғат Теменов пен Баян Алагөзова соттаспақшы болған еді. Режиссер – «Махаббат бекеті» фильміне ұқсас «Тағдыр бекеті» деген кино түсірген Алагөзованы көшіріп алды деп айыптаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мүсінді Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Нұрбол Қалиев жасаған
Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана мен  25 мыңнан астам кітапханашы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →