×

Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінеді

Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген

Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінеді
Сурет: SAQ Kinostudiasy/youtube.com

Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізіліп отыр. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов жазды.

«Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Сонымен қатар, әлемдік хит мультфильмдерді де мемлекеттік тілге аударып, YouTube-ке жүктеу маңызды. Бұл үшін авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажет. Әзірге бұл мәселе толық шешілген жоқ, бірақ алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», –  деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қазақ тіліндегі мультфильмдерді шығарып, теледидардан бөлек, YouTube-қа жүктеу қажет. Өйткені балалар интернетті көбірек таңдайды. Сондықтан YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норма заңға енгізілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
11.10.2025ж. 12:18

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Мемлекеттік Әнұран авторының суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды
Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері басталды
Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →