×

Мектепке орамал тағып келуге негіз жоқ – сот шешімі шықты

Оқушының әкесі бұған дейін бас киімге нақты тыйым салынбағанын айтқан

Мектепке орамал тағып келуге негіз жоқ – сот шешімі шықты
Сурет: Азаттық радиосы

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты талап қоюшының «оқушының мектепке орамал тағып келуге болады» деген уәжін жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқушының әкесі бұған дейін министр бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбағанын айтқан.

«Білім туралы» Заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді», – делінген соттың қорытындысында.

Заң органы оқушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін дұрыс тұжырым деп таныды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →