×

Қазақ-орыс тарихшыларының ортақ тарих жайлы еңбегі Қазақстан мектептерінде оқытылатын болады

Саясат Нұрбектің айтуынша, олар 7 томдық еңбек жазады

Қазақ-орыс тарихшыларының ортақ тарих жайлы еңбегі Қазақстан мектептерінде оқытылатын болады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ғылыми еңбек міндетті түрде оқулықтарды жазғанда негізге алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ғылыми зерттеулер жасалып жатыр. Оны ғалымдар толыққанды шешіп болғаннан кейін оның ішіндегі мектеп бағдарламасындағы қажетті ақпараттар әрине, енгізуде негізге алынатын болады. Ол сөзсіз. Қазақстан тарихы оқулығы жазылған кезде ғылыми еңбек үнемі негізге алынып отырады», – дейді Бейсембаев Үкіметте.

Қарашада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров елдің Қазақстанмен ортақ тарихшылар тобын құратынын айтқан еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, олар 7 томдық еңбек жазады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды
Кеше, 03:27

Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.
Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.
Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →