×

Қысқы конкурс бойынша магистратураға түскен білім гранты иегерлері белгілі болды

Магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі

Қысқы конкурс бойынша магистратураға түскен білім гранты иегерлері белгілі болды
Сурет: flf.tsu.ru

Қысқы конкурс бойынша магистратураға түсу білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

“Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 2,3 мың адам қатысты”, – делінген министрлік хабарламасында.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →