×

Аймағамбетов: Жеке мектептердің жағдайы биыл одан әрі нашарлауы ықтимал

Бүгінде жеке мектептердің саны 800-ден асты

Аймағамбетов: Жеке мектептердің жағдайы биыл одан әрі нашарлауы ықтимал
Фото: parlam.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов елде жекеменшік мектептер көбейгенімен, олардың жағдайы нашарлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбасында депутат осындай санды айтты: Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда жекеменшік мектептердің саны небәрі 25-30 ғана болатын. Бүгінде олардың саны 800-ден асты.

«Бұл – Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырыс пен жан басына қаржыландыруды енгізген мақсатты саясатының нәтижесі. Осылайша, жеке мектептер желісі тез дамып, мемлекет мектептердегі үш ауысымдылық мәселесін, әсіресе оңтүстік өңірлер мен ірі қалаларда, шешуге мүмкіндік алды. Жүздеген мың жаңа оқушы орны құрылып, жүздеген мемлекеттік мектептер үш ауысымдылықтан құтылды. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Жеке мектептерге әртүрлі көзқарастар болуы мүмкін, олардың сапаға қатысты проблемалары да бар, бірақ мектептер арасында альтернатива мен бәсекелестіктің болуы жалпы жүйе үшін пайдалы», - деді депутат.

Аймағамбетов әйтсе де, қазір жеке мектептердің дамуы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты. Депутаттың сөзінше, көптеген мектептер, әсіресе ата-аналардан қосымша қаражат алмай, тек мемлекеттік тапсырыс есебінен жұмыс істейтіндері, банкрот болудың аз-ақ алдында тұр.

Неліктен? Өйткені мемлекеттік қаржыландыру үлкен кешігулермен түседі. Бұл тек есеп беру құжаттарындағы сандар емес – бұл мұғалімдердің жалақысы, коммуналдық қызметтер, салықтар. Оның үстіне, көптеген мектептер 2023 және 2024 жылдарға арналған қаржыландыруды әлі күнге дейін толығымен алмады.

«Бұл мәселе жекеменшік мектептердің жұмыскерлерімен болған кездесуде ашық көтерілді, өйткені тұрақты қаржыландырусыз мектептердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес.Биыл жағдай одан әрі нашарлауы ықтимал. Жеке мектептерді қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілді. Алайда қолдағы ақпаратқа сәйкес, барлық әкімдіктер бұл өзгерістер туралы біліп, тиісті қаржыландыруды толығымен бөлген жоқ. Қазіргі таңда кемінде 80 млрд теңгеге жуық қаражат жетіспейді. Жақын арада бұл мәселе шешіліп, мектептердің үздіксіз қаржыландырылуы қамтамасыз етіледі деп үміттенемін», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аударып отырған
Сметов осы «Қызық премия» берген марапатты бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді деп айтты.
Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылды қорытындылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →