×

Тіл бойынша дискриминация «Болашақта» жоқ – бағдарламамен оқуға түсе алмаған Темірбаев мәлімдеме жасады

Оның дау тудырған сұхбатындағы ақпараттар бойынша зерттеулер жүргізілген

Тіл бойынша дискриминация «Болашақта» жоқ – бағдарламамен оқуға түсе алмаған Темірбаев мәлімдеме жасады
Сурет: Жеке мұрағаттан

«Болашақ» бағдарламасына «орыс тілінде акцентпен сөйлегенім үшін түсе алмадым» деп, шу шығарған Жасұлан Темірбаев жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

«Құрметті достар, мен бүгін «Болашақ» бағдарламасының басшылығымен кездестім. Көкейімде жүрген сұрақтарды бағдарламаның төрағасы Әділ Миратұлына тікелей қойып, жауап алдым. Менің дау тудырған сұхбатымдағы ақпараттар бойынша зерттеулер жүргізілген. Комиссия мүшелеріне баға берілді. Сол зерттеулердің қорытындысы бойынша, бір-бірімізге ешқандай арыз шағымдарымыз, реніштеріміз жоқ. Ең басты сұрақ – “тіл және мамандық” бойынша дискриминация “Болашақ” бағдарламасында жоқ. Бағдарламаның төрағасы комиссия мүшелерімен болашақта да жұмыс жүргізілетіні туралы айтылды», –  дейді ол.

Видеоүндеуде ол «менің ескертулерім ескерілді» деді. 

«Бұл жерде айта кетерлігі, менің де тарапымнан айтылған сөздердің кей жерлері артық болған шығар. Ол үшін кешірім сұраймын. Сонымен бұл мәселе жабылды. “Болашақ” бағдарламасының төрағасысымен бір ортақ шешімге келдік. Алдағы уақытта мен тағы да бағымды сынап көрермін. Өйткені бұл бағдарлама мен алдында айтқанымдай әр мамандық иесіне шетелде оқып келіп, білімін жетілдіруге, елімізге пайдасын тигізуге мүмкіндік беретін бағдарламаның бірі. Оқиық! Дамиық! Еліміз үшін бірге пайда тигізетін маман болайық», –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр
Кеше, 17:10

Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр

Интернационалдандыру стратегиясы қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға  бағытталған
Мекемеде санитарлық, көші-қон, өрт-техникалық және құрылыс нормалары бұзылған
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау
Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →