95 жоғары оқу орнынан 2051 білім беру бағдарламасы талданған
Қазақстанның жоғары оқу орын білім беру бағдарламаларының 2025 жылға арналған рейтинг нәтижелері шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеп отыр.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның жоғары оқу орын білім беру бағдарламаларының 2025 жылға арналған рейтинг нәтижелерін ұсынды. 2024 жылы 95 жоғары оқу орнынан 2051 білім беру бағдарламасы талданып, 117 рейтинг құрастырылды. Бағдарламалардың мазмұнын бағалау үшін еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам салалық сарапшы тартылды”, – делінген министрлік ақпаратында.
Ең жоғары еңбекпен қамтылу деңгейін көрсеткен білім беру бағдарламалары:
- Информатика және робототехника – 98%;
- Техникалық физика – 95%;
- Пайдалы қазбаларды байыту – 93%;
- Жалпы медицина – 92%.
Аймақтық айырмашылықтар:
- Алматы облысы – 90% еңбекпен қамтылу көрсеткішімен көш бастап тұр;
- Шығыс Қазақстан облысы – 86% (ВКТУ және ВКУ);
- Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары – еңбекпен қамтылу деңгейі 84%.
Білім беру бағдарламаларының рейтингі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің жетістіктері мен өсу аймақтарын көрсетеді, бұл саланы әрі қарай дамыту стратегиясын құруға мүмкіндік бермек.