×

Шымкентте жаңа Оқушылар сарайы ашылды

Мұнда балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған

Шымкентте жаңа Оқушылар сарайы ашылды
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Тұран шағынауданында Оқушылар сарайы қолданысқа берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 ауысымда 500 орынға лайықталған.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға  жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды. 

 

Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған. 

Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейнестудия және журналистика үйірмелері орналасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды
Кеше, 17:10

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанда аяқталады
Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормалары күшейтіледі
Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →