×

«Болашақ» бағдарламасына жаңа ережелер енгізілді

Мемлекеттік қызметте 3 жыл істесе, "Болашаққа" үміткер бола алады

«Болашақ» бағдарламасына жаңа ережелер енгізілді
Фото: ашық дереккөзден

«Болашақ» бағдарламасының жаңа қағидасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге арнайы бөлек бағыт қарастырылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз-хатшысы Олжас Беркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олжас Беркінбаевтың айтуынша, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек балалар бар үміткерлердің оқу ақысына кеткен шығындар мен тұрақсыздық айыбы өтелмейді. Егер мемлекеттік қызметте болсаңыз, бұл жолы мемлекеттік қызметшілерге арналған нақты пунктер бар.

«Жаңа қағидада мемлекеттік қызметшілерге арнайы бөлек бағыт қарастырылған. Ол былай, яғни сіз мемлекеттік қызметте 3 жыл тәжірибеңіз болса, магистратурада оқи аласыз. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге тіл курсы қарастырылған және соңғы 3 жылыңыз сіздің мемлекеттік қызметте немесе еліміздің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде өтелген болса, “Болашақ” стипендиясына мемлекеттік қызмет бағыты бойынша үміткер боласыз», – дейді ол.

Сондай-ақ Беркінбаевтың сөзінше, мемлекеттік қызметшілерден бөлек, «Болашақ» стипендиясын тәмамдаған түлектер еліміздің шетелдегі халықаралық ұйымдардағы өкілдіктерінде қызмет ете алады. Олар «Болашақ» стипендиясын бітіргеннен кейін Қазақстан мүше болып табылатын БҰҰ, ТМД, ШЫҰ секілді ұйымдарда жұмыс істеп, өзінің оқудан кейінгі борышын (отработка) өтей алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елімізде қандай мектептер жаңартылады
Бүгін, 16:03

Елімізде қандай мектептер жаңартылады

Қалалық және ауылдық мектептер үшін бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде
Жеке мектептерге мемлекеттен бөлінетін қаржы кешіктіріліп жатыр
Ол бұған дейін вице-министр қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →