×

Бүгін 11-ақпанда халықаралық қандай мереке аталып өтеді

Бұл мерекені 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен

Бүгін 11-ақпанда халықаралық қандай мереке аталып өтеді
Сурет: Kazinform

Бүгін, 11 ақпан күні, бүкіл әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық мерекесі ресми түрде атап өтілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн әйелдер мен қыздардың ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, оларды ғылыми жетістіктерге ынталандыруға бағытталған.

“Бүгінгі таңда еліміздегі ғылым саласында әйелдердің үлесі артып келеді. Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысатын мамандардың 55,6%-ы – әйелдер. Олар іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, маңызды ғылыми жобаларға жетекшілік етуде. Білім беру, медицина, инженерия, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және басқа да салалардағы қазақстандық ғалым әйелдер қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысып жатыр”, – делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

Ғылым жолында есімдері алтын әріппен жазылған тұлғаларымыздың ішінде алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Гүлсім Аспандиярова, ағартушы, педагог, публицист Нәзипа Құлжанова, Мәскеуде білім алған алғашқы дәрігерлердің бірі Аққағаз Досжанова, физика саласының көрнекті ғалымы Белла Ахметова, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш әйел президенті, биология ғылымдарының докторы Нағима Айтхожина – ұлтымыздың мақтанышына айналған тұлғалар. Олар ғылым мен білімге адалдықтың, қайсарлық пен ізденістің символына айналып үлгерген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →