×

Астаналық 7 жастағы оқушы Олимпиада алтынын иеленді

Ол халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысқан

Астаналық 7 жастағы оқушы Олимпиада алтынын иеленді
Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Астаналық 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі мәлімдеп отыр.

“№81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді. Сонымен қатар,  4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі. Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты. Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі”, –  делінген әкімдік хабарламасында

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтбаев университетінің ғалымдары әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды
26.10.2025ж. 17:08

Сәтбаев университетінің ғалымдары әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Президент сыйлығы – отандық ғалымдардың еңбегіне берілген лайықты баға
Мектепте сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бұл жоба Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →