×

600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды

Алматылық оқушылар АҚШ-та үздік 10-дыққа кіріп, Женева, Сингапур және Афинада әлем чемпиондары атанған

600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда «Алматы Дарыны» орталығының өткен жылғы жұмысының қорытындылары жарияланды. 600-ден астам алматылық оқушылар 2024 жылы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында орталық директоры Гулнұр Каримғажы мәлімдеді.

Робототехникадағы серпіліс пен жетістіктердің арқасында алматылық оқушылар АҚШ-та үздік 10-дыққа кіріп, Женева, Сингапур және Афинада әлем чемпиондары атанған.

«Жыл бойы орталық 200-ден астам зияткерлік олимпиада мен байқау ұйымдастырып, оларға 250 мыңнан астам оқушы қатысты. 2024 жылы Алматының 894 оқушысы 32 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, олардың 604-і жеңімпаз және жүлдегер атанды», – деді спикер.

Оның айтуынша, халықаралық олимпиадаларда Қазақстан құрамасы сапында Алматының 4 оқушысы өнер көрсетіп, барлығы күміс медаль жеңіп алған. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медаль иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды.

Алматылық оқушылар олимпиадаларда ғана емес, робототехника саласында да жоғары жетістіктерге жетуде. 2024 жылы қала командасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен чемпионатта үздік 10-дыққа енді. Бұдан бөлек, алматылықтар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үш рет әлем чемпионы атанған.

«Біз – 140-гимназия мектебінің Uly Dala командасымыз! Біздің робототехникадағы жолымыз 2022 жылы First Lego League турнирінен басталды, ал уақыт өте келе First Tech Challenge деңгейіне өттік. Қазір біз жарыстарға қызу дайындалып, барлық бос уақытымызды стратегияларды жетілдіруге, механизмдер мен бағдарламалауды дамытуға арнаудамыз», – деді команда мүшесі Айханым Шамшадин.

«Sana Team» командасының капитаны Смаил Дарын да өз жетістіктерімен бөлісті:

«Біз робототехникамен екі жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде Австралия, Кипр, Үндістан және Қырғызстан сияқты елдерде болдық, Қазақстан атынан беделді марапаттарға ие болдық. Қазір біз Хьюстондағы әлемдік жарыстарға дайындалып жатырмыз және жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз», – деді команда капитаны.

Айта кетейік, Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты – су ресурстары мәселесіне арналған Almaty Tech Cup өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды
30.05.2025ж. 22:08

Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →