×

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша мектептерді жөндеуге жұмсалады - қаржы министрі

Қазірдің өзінде 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша мектептерді жөндеуге жұмсалады - қаржы министрі
inbusiness.kz

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған. Ол ақша қалай жұмсалатынын да айтты.

"Қазіргі уақытта бұл есепшотта 120 миллиард теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінің өтініштерін күтіп отырмыз. Қажеттілік бар мектептерді жөндейміз. Бұл үш ауысымды мектептер, онда жедел жөндеу жұмыстары жүргізілу керек, белгілі бір кеңейту жұмыстары аяқталуы керек. Қазір өтініш беру процесі жүріп жатыр. Біз оларды жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
Бүгін, 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →