×

Халықаралық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілгені белгілі болды

2024-жылы Қазақстан оқушылары Халықаралық олимпиадада 26 медаль жеңіп алған

Халықаралық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілгені белгілі болды
Сурет: ortcom.kz

Өткен 2024- жылы Халықаралық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында айтылды

«Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына және олардың мұғалімдеріне ақшалай сыйақылар беріледі. Мысалы, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар ақшалай сыйақы алады: алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК. 2024 жылы бұл мақсаттарға 26 оқушы үшін 77,5 млн теңге және оларды дайындаған 24 педагог үшін 6,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға гранттар алды.Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы Қазақстан құрамаларының жоғары жетістіктері елдің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан биология бойынша Халықаралық Олимпиаданың ең беделді олимпиадаларының бірін өткізу үшін таңдалғаны кездейсоқ емес. 2024жылы біздің еліміз 35-ші Халықаралық биологиялық Олимпиаданы қабылдады. Оған 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, 100% нәтижеге қол жеткізді», –  деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында.

2024 жылы Қазақстан құрама командалары әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысқан: Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша халықаралық олимпиада. Біздің оқушылар 26 медаль, оның ішінде 2 алтын, 12 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды, бұл өткен жылдардағы нәтижелерден едәуір асып түскен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты
Бүгін, 14:17

Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Челлендж аясында тікелей эфирге бірінші болып Астана қаласының ұстаздары қосылды
Мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бұл жайында мәлімет жариялаған
Белгілі университет мемлекет меншігіне қайтарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →