×

Мектепке тиесілі жерде сауна ашып, жезөкшелік қызмет көрсетілген: қылмыстық іс қозғалды

Ол жер мектеп балансында болған

Мектепке тиесілі жерде сауна ашып, жезөкшелік қызмет көрсетілген: қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында №8 мектеп жанындағы саунаның жұмысы заңсыз болып, онда жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сәрсен Құранбектің айтуынша, білім ордасының жанында орналасқан саунаның жұмысы заңсыз болып шыққан. Тіпті онда жезөкшелікпен айналысу туралы қылмыстық іс те қозғалған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 

«Ол жер ешкімнің жеке меншігіне өтпейді. Мектеп балансында болғанын ескере отырып, №8 мектептің балансына қайтарылады. Ондағы дуалдарды бұзып, басқаша жасап, көпқабатты үйді саунаға айналдырып жібергенін зерттеу, тексеру барысында білдік. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 316-бабының талаптары бұзылғаны анықталды. Арман-1 саунасының қызметі тоқтатылып, нысан мөрленді. Сондай-ақ полиция департаменті тарапынан да өндірісте Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 7-бөлігінің 1-тармағымен байланысты жезөкшілікпен айналысу үшін притон ұстау және ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша бірнеше адам тергеу-тексеру амалдарына қатысып жатыр», - дейді әкімдіктің ресми өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Оқушылар сарайының Үлкен концерт залы 42 жылда алғаш рет толық жаңғыртудан өтті
Бүгін, 11:19

Алматыдағы Оқушылар сарайының Үлкен концерт залы 42 жылда алғаш рет толық жаңғыртудан өтті

Жаңғыртудың келесі кезеңінде Оқушылар сарайының сыртқы қасбетін жаңарту болмақ
Университет бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →