×

Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Челлендж аясында тікелей эфирге бірінші болып Астана қаласының ұстаздары қосылды

Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Алматыда білім беру саласындағы үздіктерді анықтайтын республикалық «LEADER TOPIQ - 2025» байқауының ашылу салтанаты өтті. Бес жылдық тарихы бар бұл байқау биыл да білім саласындағы жаңашылдар мен жасампаздарды біріктіріп, «TOPIQ-пен TOP-та бол!» атты республикалық челленджімен ерекшеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысып, байқаудың бес жылдығына өз тілектерін арнады. Биылғы шараның басты жаңалығы – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеллектуалдық ассистент «Qamqor» болды. Qamqor анимациялық кейіпкерге айналып, көк экран арқылы көпшілікті таңғалдырды. «TopIQ.kz» платформасында білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтері туралы айтып, ұстаздар мен оқушыларға цифрлық білім берудің мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.

Шара барысында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Серікұлы Жұмаділдаев сөз алып, байқаудың бес жылдық мерейтойымен құттықтады, баспаның жұмысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов пен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Әлия Шуратқызы Сайдембаева байқаудың болашағына сәттілік тіледі.

Челлендж аясында тікелей эфирге бірінші болып Астана қаласының ұстаздары қосылды. Оларды Атырау облысы, Индер ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары мен 2023 жылғы «Білімді ер» номинациясының жеңімпазы, дәл осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырбек Кенжәлиев қолдап, байқаудың маңыздылығы туралы пікірін білдірді. Олардан кейін Шымкент қаласының IT мектебінің оқушылары мен оқытушылары, Ақтөбе облысының Шалқар және Алға аудандарының жеңімпаз ұстаздары сөз алып, өз эмоцияларымен бөлісті. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-лицейінің ұстаздары, конкурстың әр жылдардағы жеңімпаздары «TopIQ.kz» платформасына деген жыр арнауларын оқыды. Артынан Жетісу, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының педагогтері де тікелей эфир арқылы әріптестерінің жылы лебіздерін толықтырып, сауапты да жауапты міндетті атқаратын ұстаздардың жандарын жадыратар жарыстың сүрер дәурені ұзақ болуын тіледі. 

Іс-шараға арнайы келген Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекші ауылы №39 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, байқаудың 2024 жылғы «Үздік ұстаз» номинациясының 1-орын иегері Бекқали Жазира жеңіске жету жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Шара соңында құрметті қонақтар дәстүрлі түрде «Start» батырмасын басып, байқаудың 2025 жылғы мерейтойлық кезеңін ресми түрде ашты.

«LEADER TOPIQ» байқауы «Алматыкітап» баспасының бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – ұстаздар мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және TopIQ.kz білім беру платформасындағы электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланатын үздік мамандарды анықтау.

Биыл бес жылдығын атап өтіп отырған бұл жоба цифрлық білім беруді дамытуға мүдделі педагогтер мен жаңашылдарды біріктіретін маңызды алаңға айналды. Байқауға мұғалімдер, кітапханашылар, әдіскерлер, білім тақырыбында жазатын журналистер, колледж және ЖОО оқытушылары, студенттер мен мектеп оқушылары, мектепке дейінгі ұйым мамандары мен бүлдіршіндері қатысады. Жыл сайын 500-ден астам үміткер өтінім беріп, жеңімпаздар Тамыз конференциясы аясында дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталады.

2025 жылы мерейтойлық кезеңге аяқ басқан байқаудың болашақта да ұстаздар мен оқушылар үшін шабыт көзіне айналары сөзсіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда қанша педагог-әйел қызмет атқаратыны белгілі болды
Бүгін, 11:22

Қазақстанда қанша педагог-әйел қызмет атқаратыны белгілі болды

Мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бұл жайында мәлімет жариялаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →