×

ШҚО-да 100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерін алмаған

Жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан

ШҚО-да 100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерін алмаған
Фото: pixabay

ШҚО-да мұғалімдердің іссапар шығыстары өтелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ШҚО-ның Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған.

Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан.

"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды
06.05.2025ж. 17:15

Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушылары екі бірдей номинацияға ие болған
«Отан қорғауға дайындық»: 40 АӘТД мұғалімі ведомстволық марапаттарға ие болды
Оқушы Айсұлтан Алтынбек табысқа жету жолында алған тәжірибесі мен болашақтағы жоспарлары жайлы бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →