×

Елімізде мектеп түлектеріне диплом берілетін болды

Бұл жобаға 2 мыңға жуық оқушы қатысуда

Елімізде мектеп түлектеріне диплом берілетін болды
Сурет: mail.kz

905 мектеп түлегіне орта техникалық білім туралы диплом беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеп отыр. 

«Елімізде жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандығы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.Кәсіптік даярлық колледждер базасында, ал жалпы білім беру пәндерін меңгеру мектептерде өтеді. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар аттестат қана емес, орта техникалық білім туралы диплом да алады», –  дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Пилоттық жобаға 150-ге жуық колледж бен мектептің 2 мыңға жуық оқушысы қатысуда. Биыл 905 түлек кәсіби біліктілікпен қатар еңбек нарығына бірден шығу мүмкіндігін алып, колледж дипломын алады деп күтіліп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ұлы Абылай хан»: елімізде Абылай ханның мәртебесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін
18.03.2026ж. 14:05

«Ұлы Абылай хан»: елімізде Абылай ханның мәртебесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

Бастамашылар тілге тиек еткен негізгі уәждерін мәлімдеді
«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанда аяқталады
Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →