×

Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі

Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, биылғы “Наурыз” ҰБТ-сы жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, талапкерлерге білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қуандық Санжар Ғалымжанұлының жетістігі – жастарға үлгі боларлық жарқын нәтиже.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жекеменшік мектепте бала саны 200-ге жетпесе, мемлекет қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін 
Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →