×

Жаңа оқу жылында қанша бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайтыны белгілі болды

Жаңа оқу жылында қанша бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайтыны белгілі болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. "Білім туралы" заңға сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.

Биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. "Бала денсаулығы паспорты" мен "Профилактикалық екпе картасындағы" мәліметтер автоматты түрде алынады - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтініш 1 жұмыс күнінде қаралады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Аталған бастаманы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көтерді
Түркістан облысында 29 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →