×

Іле ауданындағы әлімжеттік: Білім басқармасы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде видео тарады

Іле ауданындағы әлімжеттік: Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Видеодан скриншот

Іле ауданындағы оқушылар арасындағы әлімжеттіке байланысты Білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектеп оқушыларының тәртіптік мінез-құлқына байланысты құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында орын алғаны, ал құқық бұзушылыққа жол берген оқушы 2025 жылдың наурыз айында басқа облыстағы мектепке ауыстырылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті қарастыру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Тексеру іс-шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Білім басқармасының мәліметінше, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ жүйелі сипаттағы бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу мақсатында мониторинг жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері бойынша оқиғаға қатысқан оқушылармен қатар, тәрбиелік жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған және жоғары тұрған органдарды уақытылы хабардар етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады.

Білім басқармасы қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір баланың құқығын қорғау қағидаттарын берік ұстанатынын мәлімдейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →