×

Елімізде соңғы қоңырау өтетін күн ауыстырылды

Оны мектеп әкімшілігі анықтайды. 

Елімізде соңғы қоңырау өтетін күн ауыстырылды
Pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы соңғы қоңырау күнінің өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Ведомствоның мәліметінше, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.

Былтырғыдай, 23 мамыр – оқу жылының соңғы күнінде – еліміздің барлық мектебінде «Білімім – Отанымa» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл білім беру жүйесі үшін маңызды шара – оқушылар мен ұстаздарға бірлескен еңбектерін қорытындылауға, бір-біріне алғыс айтуға, өткен оқу жылындағы ең елеулі сәттерді еске алуға мүмкіндік береді.

Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шаралар 23 немесе 24 мамырда – мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша өтеді, – деп хабарлады министрлік өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Дер кезінде». Асхат Аймағамбетов Ғани Бейсембаевтың отставкасы туралы айтты
01.10.2025ж. 15:15

«Дер кезінде». Асхат Аймағамбетов Ғани Бейсембаевтың отставкасы туралы айтты

Ғани Бейсембаевпен жұмысы туралы да пікірін бөлісті:
Елордада жиналған мектеп басшылары қаржыландыруды талап етті
Ол кезінде министрлікке өткір сұрақтар қойған еді
Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →