Алтынбек Айсұлтан шақырту алған университеттердің ішінде ең беделді халықаралық 10 университет бар.
Түркістан облысы Арыс “Білім-Инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алтынбек Айсұлтан шақырту алған университеттердің ішінде ең беделді халықаралық 10 университет бар.
Олар: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University сынды әлемге әйгілі жоғары оқу орындары.
Бұл білім ордалары — жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер қатарында.Айсұлтан иеленген грант $4 614 000 долларды құрайды. Бұл жетістік — Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін осы "Білім инновация" лицейінің тағы бір оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған еді.