×

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихында ең үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Оқу-ағарту министрлігі

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді, - делінген мәліметте.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

Анықтама үшін:

Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оған қайтадан мектеп партасына отырып, қолына қалам алу оңай болмаған
Айта кетейік, бұл шараны бұрын АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың әкімшілігі ұсынған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →