×

Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушылары екі бірдей номинацияға ие болған

Грекияда өткен халықаралық "STEM" байқауында ауыл оқушылары топ жарды
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Грекияда өткен халықаралық STEM байқауында ауыл оқушылары жүлдегер болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды. STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан.Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Команда құрамында:

  • Сайлау Нұрасыл,
  • Нұралы Даянхан,
  • Ділдәбек Аружан,
  • Камал Асылжан,
  • Ақжол Нұрасыл,
  • Асқарова Несібелі,
  • Давронбек Гүлмира,
  • Тайбек Балым,
  • Елтай Өміржан бар.

 Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Отан қорғауға дайындық»: 40 АӘТД мұғалімі ведомстволық марапаттарға ие болды
Оқушы Айсұлтан Алтынбек табысқа жету жолында алған тәжірибесі мен болашақтағы жоспарлары жайлы бөлісті.
Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихында ең үздік нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →