×

Қазақстандық студенттер енді Испанияда оқиды

Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Қазақстандық студенттер енді Испанияда оқиды

Энергетика министрлігінің қолдауымен жетекші халықаралық инжинирингтік компания Tecnicas Reunidas (TR) және бірқатар серіктестердің қатысуымен инженерлік мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық студенттерге арналған жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді. Оқыту аяқталғаннан кейін түлектер Tecnicas Reunidas компаниясының халықаралық жобаларында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Жобаның негізгі мақсаты - мұнай-химия саласы үшін әлемдік деңгейдегі жоғары білікті инженер кадрларын даярлау, сондай-ақ отандық мамандардың жаһандық технологиялық ортада жұмыс істеуіне жағдай жасау. Бағдарламаның ұзақтығы - 4 жыл, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарды даярлау бағыты да қарастырылған. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы APEC колледжі базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымдары жүзеге асырып жатқан мұнай-химия жобаларына қажетті кадрларды даярлау курстары басталады.

Энергетика министрлігі бұл бастамаларды мұнай-химия саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, адами капиталды нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық жас математиктер 4 алтын медаль жеңіп алды
Кеше, 20:05

Қазақстандық жас математиктер 4 алтын медаль жеңіп алды

Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →