×

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл жөнделетін 11 мектеп қатарында Аягөз, Үржар, Семей, Жаңасемей, Бесқарағай аудандарының білім мекемелері бар. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы жиында айтты. 
 

Сонымен қатар, алдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады. Биылдың өзінде 19 мектепке 55 кабинет, 68 мектепке 68 тақта сатып алынады. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 33 ауыл мектебі заманауи кабинеттермен жабдықталады.

«Мектептерді күрделі жөндеуден өткізсек те, облыстың барлық мектептерінде оқушылар жабдығының тозығы мәселесі шешімін таппай отыр. Бұл мәселені де алдағы үш жылда кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Балалардың қосымша білім алуына жағдай жасау үшін Семей қаласында биыл оқушылар сарайының құрылысын аяқтаймыз», - деді аймақ басшысы. 

Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Семей қаласының Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектеп ашылды. Биыл Аягөзде 600 орындық, Семей қаласының Шығыс кентінің оң жағалауында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. 
 

Мектепке дейінгі білім беру тапшылығын шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 мың орындық 8 балабақша салу жоспарланған. Қарағайлы ықшам ауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды
Бүгін, 18:10

«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды

Форумның мақсаты –  өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу
Курчатов қаласындағы ядролық сынақ полигоны бүгінде ерекше құнды ғылыми база болып табылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →