×

Биыл 364 мың оқушы мектепте оқу немесе оқуды жалғастырмау туралы шешім қабылдайды

Оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусымға жоспарланған

Биыл 364 мың оқушы мектепте оқу немесе оқуды жалғастырмау туралы шешім қабылдайды
Сурет: atr.kz

Қазақстанда 2024-2025 оқу жылы аяқталуда. Биыл 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы  ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және оған байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтқан болатын.

“Биылғы оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарлануда. 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады. Аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусымға жоспарланған. Сондай-ақ 9-сынып бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды”, – деді министр.

Еске сала кетейік, биылғы жылы 11-сыныпты 217 мың түлек аяқтап, жоғары білімга қадам басады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Дер кезінде». Асхат Аймағамбетов Ғани Бейсембаевтың отставкасы туралы айтты
01.10.2025ж. 15:15

«Дер кезінде». Асхат Аймағамбетов Ғани Бейсембаевтың отставкасы туралы айтты

Ғани Бейсембаевпен жұмысы туралы да пікірін бөлісті:
Елордада жиналған мектеп басшылары қаржыландыруды талап етті
Ол кезінде министрлікке өткір сұрақтар қойған еді
Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →