×

140 балл: Түркістан облысының оқушысы биылғы ҰБТ-да алғашқы болып ең жоғары нәтиже көрсетті

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады

140 балл: Түркістан облысының оқушысы биылғы ҰБТ-да алғашқы болып ең жоғары нәтиже көрсетті
Сурет: Түркістан облысының білім басқармасы

Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Жәнібек Әбілхан 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 140 ұпайдың барлығын жинап, еліміз бойынша биыл ең алғашқы болып жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мұндай жетістікке қол жеткізуімнің басты себебі – тұрақты дайындық пен табандылық. Мен тестілеуге мақсатты түрде 10-сыныптан бастап дайындалып, бейіндік пән ретінде информатиканы таңдадым. Келешекте де осы саланы мамандық ретінде таңдап, Қазақстандағы IT бағытындағы жоғары оқу орындарының біріне түспек ойым бар”, – дейді Жәнібек Әбілхан.

Оның жетістігі өзге оқушылар үшін керемет үлгі болатын болды деп отыр білім бөлімі.

«Жәнібек Әбілхан арманына сенімді қадам басып келе жатқан, бастамашыл әрі жауапты оқушы. Ол уақытты тиімді пайдалануды біледі. Оның жетістігі өзге оқушылар үшін керемет үлгі бола алады. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, білім жолындағы жаңа табыстарға жетуін тілейміз», – деді Түркістан облысының білім басқармасы өкілдері.

Жәнібек көп балалы отбасынан шыққан, бес баланың ішінде екіншісі.

«Жәнібек 1-сыныптан бастап біздің мектеп-гимназияда оқып, білімге ерекше ынта танытып, үнемі үздік нәтижелер көрсетіп отырды. Ол көп балалы отбасында өсіп, ҰБТ-дан осындай керемет нәтижеге тек өз күш-жігерінің арқасында жетті. Бұл – мақсатқа ұмтылудың, еңбекқорлықтың және жүйелі дайындықтың жарқын үлгісі», – дейді сынып жетекшісі Гүлзира Бортай.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды
Кеше, 03:27

Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.
Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.
Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →