Көп уақыт өтпей, EDUSER оқу орталығы сөздерінде тұрып, баланың ата-анасына пәтер сертификатын табыстады
Түркістан облысында ауыл мектебінің оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады. Әбілхан Жәнібекті дайындаған қосымша білім беру курсы баланың ата-анасына пәтер сертификатын сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін оқушының анасы Гуля Боранбаева әлеуметтік желіде тарап жатқан «пәтер беру» жайлы ақпаратқа қатысты Kazinform тілшісіне пікір білдірген болатын.
Балам оқыған қосымша білім беру курсы «140 балл алған оқушыға пәтер сыйлаймыз» деп жариялаған екен. Бірақ оның рас-өтірігін нақты білмейміз. Біз де тек әлеуметтік желідегі ақпараттан ғана хабардармыз, - деген еді анасы.
Көп уақыт өтпей, EDUSER оқу орталығы сөздерінде тұрып, баланың ата-анасына пәтер сертификатын табыстады. Әбілхан Жәнібек қай қалаға оқуға түссе, пәтер сол қаладан алынатын болады.
"Жәнібек бізде 2024 жылдың шілдесінен бастап 5 пәннен ҰБТ-ға дайындалды. Жәнібек сияқты 140 балл алады деп үміт күтіп отқан тағы 7 оқушымыз бар", - дейді EDUSER оқу ораталығының директоры Айдос Жұманазар.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тесттен 140 ұпай алғанын жазғанбыз.
Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуде ирформатика пәнін таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда елімізде негізі ҰБТ басталды. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.