×

"Оқушыға шампур сұғып алған оқиға”: Мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодеккстің 200 бабы бойынша жергілікті атқару органдары тексеріс жүргізуде

"Оқушыға шампур сұғып алған оқиға”: Мектеп директоры жұмыстан шығарылды
Сурет: әлеуметтік желіден

Жақында Алматы облысы Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталған болатын. Коттедж жалдап, көңіл көтерген түлектердің отырысында түлектердің бірі сыныптасына  кәуап пісіретін шампурды қадап өлтірген. Осы іске қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алу шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жолдаған.

Мектеп басшылығы тарапынан да жауапкершілік қаралды. Нақты айтқанда, мектеп директоры қызметінен босатылды, ал оның орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды, – деп нақтылады вице-министр.

Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Айта кетейік, жақында Қаскелеңде ата-аналар балаларға кеш үшін коттедж жалдап берген. Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындаған. Сол кезде сыныптасы өз құрдасының сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. 

Жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →