×

«Мемлекеттік мектептің беделіне нұқсан емес пе»: Аймағамбетов НЗМ-дағы оқушы мәселесі жайлы

НЗМ оқушысы туралы шу

«Мемлекеттік мектептің беделіне нұқсан емес пе»: Аймағамбетов НЗМ-дағы оқушы мәселесі жайлы
Ашық дереккөзден

Мәжілістің кулуарында Qaz365.kz  тілшісі депутат Асхат Аймағамбетовтан Назарбаев Зияткерлік мектебінен шығарылған оқушыны мемлекеттік мектепке ауыстыру мәселесіне қатысты пікірін сұрап білді.

 Qaz365.kz тілшісі мемлекеттік мектептерде де  НЗМ-дегі жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілгенін, мұғалімдердің арнайы оқытылғанын, академиялық адалдық талаптары бар екенін алға тарта отырып, «НЗМ-нан шығарылған оқушыны жай мектепке ауыстыру –  мемлекеттік мектептің беделін төмендету емес пе?»  деген сауал тастады. 


Өз сөзінде Аймағамбетов бұл пікірмен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан Республикасы Конституциясында әр азаматтың орта білім алуға кепілдік берілген құқығы бар және бұл құқық кез келген жағдайда орындалуы тиіс.

«Бұл тұжырым дұрыс емес. Өйткені, Конституцияда орта білім алуға мемлекеттік кепілдік бар. Яғни, бала қандай мектепте болмасын – зияткерлік мектепте ме, әлде жалпы білім беретін мектепте ме – ол орта білім алу құқығынан айырылмауы тиіс», – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, егер оқушы белгілі бір құқықбұзушылық жасаса, оны басқа оқу орнына ауыстыру заң шеңберінде жүзеге асады. Тіпті ерекше тәрбиеге мұқтаж немесе девиантты мінез-құлық байқатқан балалар арнайы мектеп-интернаттарға жіберілуі мүмкін. Ал ауыр құқықбұзушылық үшін сотталған жасөспірімдердің өзі жазасын өтеу кезінде де орта білім ала алады.

Депутат білім беру құқығы мен тәртіптік шаралар арасында қарама-қайшылық жоқ екенін баса айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мұрат Әбенов НЗМ-дегі мұғалім мен оқушы дауын реттеудің заңды жолын көрмей тұрғанын мойындады.
Мұғалімдердің құқықтары мен мәртебесі "Педагог мәртебесі туралы" заңмен нақты бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →