×

Қазақстанда Италиялық тұңғыш ЖОО-ны ашылатын болды

Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған

Қазақстанда Италиялық тұңғыш ЖОО-ны ашылатын болды
Сурет: Akorda.kz

Биыл Жетісу облысында тұңғыш италиялық ЖОО-ның филиалы ашылады, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қазіргі таңда біздің жоғары оқу орындарымыз бен Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылды. Бірақ ең үлкен нәтиже бүгін жарияланады. Биыл Жетісу өңірілік мемлекеттік университетінің негізінде тұңғыш италиялық ЖОО-ның филиалы ашылады. Агрономия, ауыл шаруашылығы саласындағы өте мықты университет», –  деді министр.

Еске сала кетейік, бүгін елорда төрінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы  Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіретінін және Еуропадағы ірі әріптесі екеніне тоқталды. Осы орайда екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау қажеттігін жеткізді

Сондай-ақ бұл сапар қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті. Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелони Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастыратынын айтты.

Сонымен қатар энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар екеніне тоқталды.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды
Кеше, 22:08

Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →