Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz .
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтады.
Бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мектептерге арналған PISA және PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі деректері (ББЖМ), мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілді.
Бұл ең үздік мектептердің тізімі ғана емес. Бұл – мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен бастап ата-аналар мен оқушыларға дейінгі барлық мектеп ұжымының үйлесімді, кәсіби және жауапты жұмысының көрінісі. Әр бала өзін қолдайтын, шабыттандыратын және әлеуетін ашуға көмектесетін мектепте оқуы керек, – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 8 мың мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 миллионнан астам бала оқиды және 412 мың педагог еңбек етеді.
Үздік 100 мектептің алғашқы ондығы мынандай:
1. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы;
2. Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
3. Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі;
4. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
5. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі;
6. Ақтөбе қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы;
7. Ақтөбе қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясы;
8. Ақтөбе қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ш. Құдайбердіұлы атындағы 66 жалпы білім беретін орта мектебі;
9. Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №1 мектеп-гимназиясы;
10. Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бар.