×

Алматы облысының оқушысы 320 миллион теңгеге жуық шетелдік грант жеңіп алды

Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде

Алматы облысының оқушысы 320 миллион теңгеге жуық шетелдік грант жеңіп алды

Алматы облысындағы №39 гимназияның 11-сынып оқушысы Сақийдулла Алмат АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды. Жалпы сомасы – шамамен 320 миллион теңге, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар, Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу ордасы да оны толық грантпен қабылдаған.

Болашақ студент білімге деген ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында University of Miami, Elmhurst, Caldwell, Augustana, UNO, FIU және басқа да оқу орындарынан оқуға ұсыныс алды.

IELTS нәтижесі – 7.0, ал SAT – 1420 балл (математикадан 780/800). Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде.

Сақийдулла Алмат – «Алтын белгі» үміткері. Оның жетістігі – жастардың әлеуетіне сенімді арттыратын жарқын мысал.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
IMO-2025: Қазақстандық жас математиктер әлемдік олимпиадада алты медаль жеңіп алды
19.07.2025ж. 15:54

IMO-2025: Қазақстандық жас математиктер әлемдік олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Биыл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаға
Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →